Медиа орталық

Қарағанды облысы

Қарағанды облысында ферросилиций өндірісі бойынша зауыт іске қосылды

Қарағанды облысында ферросилиций өндірісі бойынша зауыт іске қосылды

Ферросилиций өндірісі бойынша зауыттың ресми ашылу салтанатына Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Асқар Мамин, Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов пен «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Бауыржан Сартбаев қатысты. Іске қосылып отырған кәсіпорынның бірінші кезектегі қолданысқа енгізілуі Қазақстанға әлемнің ірі жоғарғы маркалы ферросилиций өндірушілері арасында 6 орынға шығуына мүмкіндік береді.

Жылдық өндіріс қуаты 180мың тонна «YDD Corporation» ЖШС зауытын іске қосу Қазақстанға әлемнің ірі жоғарғы маркалы ферросилиций өндірушілері арасында 6-орынға шығуына мүмкіндік береді, ал кәсіпорын салудың екінші кезеңін іске асыру осы қорытпаны өндіру бойынша әлемде 5-орынға шығуға негіз болады. Екінші кезеңде қуаттылықты жылына 240 мың тоннаға дейін арттыру жоспарлануда.

«Бұл Жоба металлургия саласында маңызды, инвестициялық тұрғыдан тартымды, және өзекті, себебі мемлекет басшылығы қойған отандық экспортты дамыту және әрекет етуші өткізу нарықтарын кеңейту туралы міндетіне сәйкес келеді. «YDD Corporation» Зауыты өндіретін өнім 100% экспортқа бағытталған. Бұл ретте өндіріс кезінде қазақстандық үлес 94% құрайтынын айту керек" - деп атап өтті «YDD Corporation» ЖШС негізін қалаушы Ерлан Нигматуллин. Ферроқорытпаны Ресей, Түркия, Оңтүстік Корея, АҚШ және ЕО елдеріне экспорттау жоспарлануда.

Жобаны іске асыруды сүйемелдеу шеңберінде «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ «бір терезе» принципі бойынша мемлекеттік қызметті алуға қолдау көрсетті. Сонымен бірге, «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша шағын электрстанция,теміржол жолдары, электр беру желілері, су-жылу қамтамасыз ету сияқты қажетті инфрақұрылым жеткізілді. Бұдан басқа, уәкілетті органмен инестициялық келісім-шарт орнату жөнінде қолдау көрсетілді.

Зауыттың екінші кезеңін салу зауыттың таза табысын қайта инвестициялау есебінен іске асыру жоспарлануда. Жобаның жалпы құны 32 млрд.теңгеден астам соманы құрайды. Зауытта өндірістік циклдің әлемдегі заманауи технологиялық әзірлемелер қолданылатын болады. Мәселен, зауыттың газ тазалау деңгейі 99,8% құрайды.

Зауыт құрылыс пен барлық өнеркәсіптік өндірісте қолданылатын электротехникалық, серіппегіш-серіппелі, коррозиялық және ыстыққа төзімді болат маркаларын балқыту үшін қолданылатын темір мен кремний қорытпасы түрінде ферросилиций шығарады. Жобадағы қазақстандық қамтудың үлесі 94% асады. Бұл Қарағанды облысында орналасқан көмір, кварцит, қақ, әктас кеңорындарының қоры. Темір мен кремнийдің қорытпасы теміржол, автокөлік, газ жеткізу магистральдары мен электрокарлар өндірісінің құрылысы кезінде кеңінен қолданылады. Бұдан басқа, ферросилиций өндірісі үшін шикізат зауытқа ұзақмерзімді келісім-шарттар бойынша бекітілген бағамен жеткізіледі. Бұл жоба айтарлықтай экономикалық және әлеуметтік тиімділікке ие. Оны іске қосу арқылы бірінші кезекте шамамен 350, екінші кезекте 550 тұрақты жұмыс орнын қамтамасыз ету жоспарлануда.

Қарағанды облысы – Қазақстанның ірі шикізаттық базаларының бірі, мыс, ввольфрам, марганец, қорғасын және көмірдің бай және сапалы қорларына ие, бұл сапалы өнім өндірісіне ықпал етеді. Қарағанды облысының стратегиялық орналасуы және темір жолдарының дамығандығы тауарларды жақын орналасқан экспорттық нарыққа айтарлықтай қиындықсыз жеткізуге мүмкіндік береді.

Тарихи ондірістік болып табылатын облыста жоғары вольтты желілер, трансформаторлар, лабораториялық құрылғылар, пештер, қоймалар, темір және атомобиль жолдарын, инженерлік желілерді қоса алғанда дамыған инфрақұрылым бар. Қатты пайдалы қазбаларға бай қорлармен қоса алғандағы осы алғы шарттар тау-кең металлургия кешеніне инвесторлар тарту үшін қолайлы шарттар жасайды.

«YDD Corporation» ЖШС (УайДиДи Корпорейшн) - Қарағанды қаласында ферросилиций өндірісі жөніндегі зауытты салумен және өнімді одан әрі экспорт нарығына іске асырумен айналысатын компания. Кәсіпорын 2016 жылдың соңында құрылды

«KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясы» АҚ Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ведомстволық бағынышты ұйымы болып табылады. «KAZAKH INVEST» елдің Үкіметі атынан «бір ғана келіссөз жүргізуші» рөлінде қатыса отырып, Қазақстан Республикасында инвестициялық қызметті іске асыру үшін қажетті тіркеуді, түрлі рұқсаттар мен келісімдерді алуды қоса алғанда, инвестициялық жобаларды сүйемелдеу жөнінде толық қызметтер жиынтығын қамтамасыз етеді.

 

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге