Іс-шаралар

Іс-шаралар

Almaty Investment Forum

Алматы қаласы, Қазақстан

22 қазан, Алматы. 27 қарашада Алматы қаласында өтетін Almaty Investment Forum 2019 шарасының негізгі тақырыбы Қазақстанның оңтүстік астанасының инвестициялық тартамдылығын арттыру болмақ.

7 панельдік сессияның пікірсайысына формуның 500-ден астам қатысушысы, атап айтқанда, ірі дүниежүзілік және қазақстандық компаниялар, ҚР министрлігі, қаржы институттары басшылары мен халықаралық ұйымдар өкілдері қатысады.

«Аталған форумының мақсаты - бизнестің дамуына жағдай жасау, Алматы қаласына шетелдік инвесторларды тарту және жаңа жұмыс орындарын құру. Алматы шетелдік инвесторлар үшін аса жағымды аймақтардың бірі. Форумның міндеті - Almaty Investment Forum 2019 алаңында ҚР оңтүстік астанасы үшін жаңа инвесторлар мен қазақстандық бизнес үшін серіктестерді табу», - деп атап өтті форумның ұйымдастырушылары.

Іс-шара барысында Алматы қаласының инвестициялық тартымдылығы, smart city концепциясын қолдану үлгісі мен құрылыс материалдарының экологиялылығына қойылатын жаңа талаптар мен урбанистикадағы инновациялық тәсілдеме әсерінен көркейетін жылжымайтын нарық трендтеріне қатысты мәселелер талқыланады.

Бұған қоса, Жаңа Жібек жолында көліктік-логистикалық орталықтың ұстанымын күшейтетін Алматы қаласының инфрақұрылымдық дамуы қарастырылады. Ал, Almaty Investment Forum 2019 шарасының өзге сессиясы аясында Алматы қаласы жаңа халықаралық туризм орталығы ретінде таныстырылады. Сондай-ақ, адами капитал мен дарындылық үшін күрес тақырыбы да назардан тыс қалмайды.

Ал, инновациялық даму мәселесі дөңгелек үстел форматында өтеді: ІТ-бизнес капитандары мен сарапшылар Алматы қаласындағы инновация мен стартап жобаларын ұлғайтудың болашақ секторлары жөнінде сөз қозғайды.

Форумның сессияларында спикерлер ретінде беделді саясаткерлер, танымал экономисттер мен қаржыгерлер, әлемдік стартап-жобаларының негізін құрушылар мен ғаламдық және жергілікті think-tank өкілдері қатысады.

Almaty Investment Forum 2019 хедлайнерлері – Түркияның бұрынғы вице-премьері Мехмет Шимшек, McKinsey ғаламдық институтының басшысы Джонатан Вотцель, TiE Global қауымдастығының президенті Шарма Махавир Пратар, Орталық және Шығыс Еуропа елдері бойынша Nokia вице-президенті Микко Лаванти, Қатар Сауда-өнеркәсіптік Палатысының вице-президенті Мохаммед Бин Тауар Аль-Кавари, сонымен қатар, алдыңғы қатарлы қазақстандық компаниялардың топ-менеджері.

Форум бағдарламасы барысында, сондай-ақ, коммерциялық келісімдерге қол қою салтанатын өткізу жоспарлануда.

Іс-шараның өту уақыты мен күні: 27 қараша 2019 ж., басталуы сағат 10:00-де.

Мекенжайы: «Ritz Carlton Astana» қонақүйі (әл-Фараби даңғылы, 77/7).

https://almatyinvestmentforum.kz

 

 

Артқа қайту
Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге