Инвестициялық переференцияларды алуға арналған өтінім

Инвестициялық переференцияларды алуға арналған өтінім

1. Инвестициялық переференциялар алуға арналған өтінім уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша:

1) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;

2) басшының қолымен және заңды тұлғаның мөрімен (бар болса) расталған заңды тұлға жарғысының көшірмесі;

3) уәкілетті орган белгілейтін талаптарға сәйкес жасалған инвестициялық жобаның бизнес-жоспары;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жобалау алдындағы және (немесе) жобалау құжаттамасына заңды тұлға басшысының қолтаңбасымен, мөрімен (ол болған кезде) куәландырылған мемлекеттік сараптаманың қорытындысы болған жағдайда қабылданады және тіркеледі.

Арнайы инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде инвестициялық преференциялар беруге арналған өтінімдер инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган бекіткен нысан және тәртіп бойынша қабылданады және тіркеледі.

2. Егер инвестициялық преференциялар беруге арналған өтінімде салықтар бойынша преференциялар және (немесе) инвестициялық субсидия беру көзделген жағдайда, инвестор Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен жобалау алдындағы құжаттамаға және (немесе) жобалау құжаттамасына басшының қолтаңбасымен куәландырылған мемлекеттік сараптаманың қорытындысын ұсынады.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге