Инвестициялық субсидия

Инвестициялық субсидия

Инвестициялық субсидия бұл инвестициялық басым жобаны іске асырушы инвесторларды мемлекеттік қолдау шараларының бірі болып табылады.

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 291-бабы 1-тармағына сәйкес Республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және инвестициялық преференцияларды беруге және инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған өтінім берілген күнге қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің бес миллион еселенген мөлшерінен кем емес мөлшердегі инвестициялардың жүзеге асырылуын көздейтін инвестициялық келісімшарт жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына өтеусіз және қайтарымсыз негізде инвестициялық преференция ретінде берілетін бюджеттік субсидияның түрі инвестициялық субсидия болып табылады. Өңірлік дамуға жәрдемдесу мақсатында инвестициялық субсидия инвестициялық басым жобаны іске асыратын инвесторға Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде беріледі.

Инвестициялық субсидия қолданыстағы өндірістерді кеңейту және (немесе) жаңарту бойынша инвестициялық басым жобаларға берілмейді.

Инвестициялық субсидия Қазақстан Республикасының Үкіметі инвестициялық субсидия беру үшін айқындаған басым қызмет түрлері бойынша беріледі. Инвестициялық субсидия инвестициялық келісімшарттың жұмыс бағдарламасында көзделген қосылған құн салығы мен акциздер есепке алынбай, құрылыс-монтаждау жұмыстары және жабдықты сатып алу құнының отыз пайызына дейін өтеу арқылы беріледі.  

Құрылыс-монтаждау жұмыстарының және жабдықты сатып алудың іс жүзіндегі шығындары бойынша инвестициялық субсидияны төлеу растайтын құжаттар негізінде жүзеге асырылады, бірақ Қазақстан Республикасыны заңнамасында айқындалған тәртіппен мемлекеттік сараптаманың қорытындысы бар жобалау алдындағы құжаттамада көзделген шығындардың құнынан аспайды.

Инвестициялық субсидияның шекті мөлшері құрылыс-монтаждау жұмыстарын және жабдықты сатып алудың іс жүзіндегі шығындарын өтеуге республикалық бюджетте қарастырылған қаражат шеңберінде Қазақстан Республикасының инвестициялық даму, мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдардың бірлескен бұйрығымен бекітіледі және өзгертіледі.

Мыналар инвестордың іс жүзіндегі шығындарын растайтын құжаттар болып табылады:

1) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес ресімделген алғашқы есепке алу құжаттары

2) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес ресімделген шот- фактуралар;

3) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес ресімделген кедендік декларациялар.

Инвестициялық субсидияны төлеу кестесі мен жылдық көлемдері инвестициялық келісімшарт шеңберінде кемінде үш жыл, бірақ инвестициялық келісімшарттың қолданылу мерзімінен аспайтын кезеңге инвестициялық субсидияны тең үлестермен бөлу арқылы белгіленеді.

Инвестициялық субсидияны төлеу инвестициялық келісімшартта белгіленген өндірістік көрсеткіштер орындалған жағдайда өндіріс толық көлемде пайдалануға берілгеннен кейін жобаның іске асырылу жері бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органымен келісу бойынша жүзеге асырылады.

Инвестициялық субсидияны беру қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге