Инвестициялық даулар

Инвестициялық даулар

Инвестициялық дау дегеніміз инвесторлар, оның ішінде ірі инвесторлар мен мемлекеттік органдар арасындағы инвестордың инвестициялық қызметіне байланысты келісім-шарттық міндеттемелерден туындайтын дау болып табылады. Инвестициялық даулар келіссөздер арқылы немесе тараптар алдын келіскен дауларды шешу рәсімімен шешіледі. Келіссөздер арқылы инвестициялық дауларды шешу мүмкін болмаған жағдайда дауларды шешу халықаралық келісімдерге және Қазақстан Республикасы заңнамалық актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасының соттарында, сондай-ақ тараптардың келісімімен анықталатын арбитраждарда шешіледі.

Соттылық

Астана қаласының соты бірінші инстанциялы сот қағидалары бойынша Қазақстан Республикасы Жоғары сотына тиесілі істерді қоспағанда, инвестициялық даулар бойынша азаматтық істерді, сондай-ақ инвестордың инвестициялық қызметіне байланысты инвестор мен мемлекеттік органдар арасындағы басқа дауларды қарастырып, шешім қабылдайды.

Инвестициялық қызметпен байланысы жоқ, инвестордық қатысуымен құқықтық қатынастардан туындайтын басқа даулар, сондай-ақ жеңілдетілген өндірісте қарастыруға жататын даулар заңнамада бекітілген соттылыққа сәйкес  аудандық (қалалық) және оларға теңестірілген соттарда қарастырылады.  

Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты бірінші инстанциялы сот қағидалары бойынша бір тарабы ірі инвестор болып табылатын инвестициялық даулар бойынша азаматтық істерді қарап, шешім шығарады.      

Ірі инвестор дегенде Қазақстан Республикасында  ең кем дегенде айлық есептік көрсеткіштің екі миллион есе мөлшерінде инвестицияларды іске асыратын жеке немесе заңды тұлға көзделеді.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге